«Өкпеге арналған» құрамындағы биологиялық белсенді заттар кешені қабынуға қарсы, бронхтарды кеңейтетін, бактерияға қарсы, қақырық түсіретін,муколитикалық, бүркеуші, спазмды басатын, иммунитетті белсендіретін және жалпы нығайтатын әсер етеді.
«Өкпеге арналған» препараты бронх жолдары мен өкпенің дренаждық қызметін жақсартады:
глицирризин мен мияның тритерпенді сапониндері, андыздың сесквитерпенді лактондары (алантолактон, изоалантолактон) қақырық түсіру мен шырышты сұйылту әсерін күшейтеді, кірпікшелі эпителийдің белсенділігін арттырады, бронхиолалардың перистальтикалық қозғалысын күшейтіп, қақырықтың төменгі тыныс жолдарынан жоғары қарай шығуына әсер етеді.
Мия мен андыз өкпенің ішкі бетін қаптап, қабыну процесін азайтатын, зақымданған эпителийдің қалпына келуіне көмектесетін эндогенді сурфактанттың түзілуін белсендіреді.
Мияның қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторларының түзілуін тежейтін глицирризин қышқылының бүйрек үсті безі қыртысын ынталандыру қабілетімен байланысты.
Сәлбеннің флавоноидты қосылыстары глицирризин қышқылының қабынуға қарсы әсерін күшейтеді, жасуша мембраналары мен қантамырлар қабырғаларының өткізгіштігін төмендетіп, эпителий тіндерін тығыздайды.
Қызылкүрең полисахаридтері, мия сапониндері мен андыздың белсенді компоненттері айқын бактерияға және вирусқа қарсы әсер етеді.
Пармелияның уснинді және фумаропротоцетрарлы қышқылдары, сәлбеннің өсімдік антибиотигі сальвин миямен бірге кокк тектес микроорганизмдер мен вирустардың дамуын тежейді.
Сальвин стафилококк инфекциясының көбеюін тоқтатып қана қоймай, оның уытты заттарын да бейтараптайды.
Қызылкүрең мен мия ағзаның иммундық жүйесінің қызметін белсендіреді: фагоцитарлық белсенділікті арттырады, интерферон түзілуін ынталандырады.
Аскорбин қышқылы антиоксиданттық және иммунитетті нығайтатын қасиеттерге ие, ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттырады.
Құрамы:
пармелия, қызылкүрең, мия, андыз, сәлбен, аскорбин қышқылы, сұлы, крахмал, кальций стеараты, қант.
Қолданылуы:
тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы аурулары - бронхит, трахеит, трахеобронхит және пневмонияның емінде қолданылатын профилактикалық және көмекші құрал.
Қақырықтың бөлінуі қиындағанда және бронх шырышы тұтқырлығының патологиялық артуында қолданылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
кейбір компоненттерді жеке көтере алмаушылық.
Жанама әсерлері мен реакциялары:
кейбір компоненттерге жоғары сезімталдық болған жағдайда аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін.
Қолдану тәсілі:
2–3 таблеткадан күніне 3-4 рет 15 күн бойы. Қажет болған жағдайда курсты қайталауға болады.
Шығарылу түрі:
жұмсақ қаптамада (10 таблетка).
Сақтау шарттары:
Құрғақ, жарық түспейтін жерде, +25 °C-тен аспайтын температурада сақтау қажет.
Жарамдылық мерзімі:
3 жыл. Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары:
дәрігердің рецептісінсіз босатылады.