«Леовит» ЖШС адамның тіршілік әрекетіне аса қажетті табиғи биологиялық белсенді заттар кешені – тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) өндіретін қазақстандық ең ірі өндіруші болып табылады. Біздің компаниямыз 1998 жылы құрылған. Оның арсеналында қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған фармацевтикалық фабрика, маркетинг бөлімі, ғылыми-техникалық бөлімдері бар.
Нарықта 22 жыл белсенді жұмыс істеу барысында біз сенімді және қарқынды дамушы компания ретінде таныла білдік. 170-тен аса таблетка түріндегі препараттар, фитошайлар, шәрбаттар, өсімдік текті сығындылар сериясы өндіріліп шықты.
Гигиеналық құралдарымыз ерекше сұранысқа ие: дәрілік шөптер, дәрумендер, минералдық заттар мен ара шаруашылығы өнімдері негізінде жасалған тамақ пен ауыз қуысын шаюға арналған құралдар, айрықша косметикалық және сауықтырушы әсерге ие былауға арналған фитотұздар. Өнім ассортименті үнемі кеңейіп, жаңартылуда. Оны өндіру негізінде халық медицинасы мен ғылымның соңғы жетістіктері жатыр.
Компаниямыз адам ағзасына қолайлы әсер ететін белсенді заттардың табиғи әсерлерін сақтауға мүмкіндік беретін бірегей технологияны пайдаланады.
Өндірісте көбінесе Қазақстан территориясында дайындалатын экологиялық таза, жоғары сапалы сертификатталған өсімдік текті шикізаттар қолданылады.
Өнімдеріміздің сапасы жоғары, тиімді және қолжетімді болуының арқасында тұтынушылар арасында кең сұранысқа ие.
«Леовит» компаниясының өнімдері Қазақстан аймағында да, жақын және алыс шетелдерде де (Қырғызстан, Өзбекстан, Украина) сатылады.
Біз Сіздер үшін арнайы сауықтыру бағдарламаларын құрастырдық, олармен таныса отырып, өзіңізге қажетті препараттарды оңай таңдай аласыздар.