Өт айдайтын, қабынуға қарсы, уытсыздандыратын әсер етеді, өттің биохимиялық және физикалық көрсеткіштерін қалпына келтіреді, бауыр жасушаларының регенерация процестерін белсендіреді, өт шығару жолдарының тонусы мен жиырылу белсенділігін қалпына келтіреді.
Құрамы: алатікен, итмұрын, бөріқарақат, күнзе, салаубас, жүгері шашақтары.
Қолдану тәсілі: 1/2 стақан ыстық суға сүзгі-пакетті демдеу керек. Күніне 2-3 рет қабылдау керек.
Шығарылу түрі: 20 сүзгі-пакет.