Жоғары тыныс жолдарының, ауыз қуысының, асқазан-ішек жолының қабыну ауруларында, теріде қабынулар мен бөртпелер болғанда қабынуға қарсы, антисептикалық, өт айдайтын, спазмды басатын әсер етеді.
Құрамы: қырмызыгүл гүлдері, этил спирті, су.
Қолдану тәсілі: тамақ ішерден бұрын 12-15 тамшыдан күніне 2-3 рет; ауыз қуысы мен тамақты шаю үшін 1 шай қасығын 1 стақан суға араластырады. Сырттай теріде қабыну мен бөртпелер кезінде теріні сүртеді. Қабылдау курсы - 30 күн. Қолданар алдында шайқау керек. Тұнба болуы мүмкін.
Шығарылу түрі: 100 мл.